Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТҮЛКІБАСТА ТЫНДЫРЫМДЫ ТІРЛІКТЕР КӨП

ТҮЛКІБАСТА ТЫНДЫРЫМДЫ ТІРЛІКТЕР КӨП

Түлкібас ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына үлкен септігін тигізетін бірден-бір сала кәсіпкерлік саласы.
Бүгін Тастұмсық ауылдық округіне жұмыс сапары барысында аудан басшысы әлеуметтік маңызы бар нысандармен қатар жеке кәсіппен шұғылданып жатқан шаруалардын да жұмысымен танысты.

Бірінші кезекте Нұрлан Мархабатұлы Тастұмсық ауылдық округіне сапарын «Нұр бала» балабақшасының жұмысымен танысудан бастады. Карантин режиміне байланысты уақытша жұмысы тоқтап тұрған 75 орындық балабақшада 19 қызметкер жұмыс атқарады. Тәрбиеленушілер саны 75 бала. Бала санының артуына байланысты алдағы уақытта 75 балаға есептелген қосымша ғимарат соғу жоспарлануда.

Бұдан соң аудан әкімі округке қарасты Жыланды елді мекеніне ат басын бұрып, сол жерде үй іргелік мал бордақылау алаңын ашқан «Хабет» шаруа қожалығының жұмысымен танысты. 2019 жылы ауылшаруашылығын қолдау қоры арқылы 4 млн. теңге несие алып, 20 бас ірі қара малды бордақылауды бастаған шаруа бүгінгі таңда өз кәсібін дөңгелетуде. Шаруа қожалықтың төрағасы Ахметов Зейнулланың айтуынша бүгінгі таңда 8 ірі қарасын сатып, қаржысына алған несиенің жартысына жуығын өтеп қойған.

Алдағы уақытта мал саның 40-50 басқа көбейту мақсатында тағыда несие алатынын жеткізді. Тиісінше аудан әкімі кәсіпкердің бұл жоспарын құптарлық іс екенін айтып, өз тарапынан іске асыруға қолдау білдіретіндігін жеткізді.
Сондай-ақ, бүгінгі Тастұмсық ауылдық округіне сапары барысында аудан әкімі Жыланды ауылындағы О.Кошевой атындағы жалпы орта мектебінің қосымша ғимарат құрылысының жұмысымен танысты. Елді мекенде бала санының артуына орай соғылып жатқан бұл нысанның құрылыс жұмыстары бүгінгі таңда 70 пайызға жетіп отыр.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу