Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ЖЫЛУ ҚАЗАНДЫҚТАРЫ ШЫҒАРЫЛУДА

ЖЫЛУ ҚАЗАНДЫҚТАРЫ ШЫҒАРЫЛУДА

Сайрам ауданы Ақсу ауылында 2 мыңнан 50 мың квадрат метрге дейінгі жылу қазандықтарын шығартын зауыт бар. Қазіргі таңда осы қазандықтарға мұнай өндіру компаниялары қызығушылық танытып отыр.

Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібеков жылыту «АРТ Сапалы құрылыс» зауытына барып, мұндағы жұмыс барысымен танысты. Бұл туралы Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Кәсіпорын директоры Нұрлан Нұрышов аудан басшысына өндіріс ауқымын кеңейтіп, зауыт ісін бұдан әрі дамытуға ниетті екенін айтты.

Н.Нұрышовтың айтуынша, жылу қазандықтары газ, дизель және көмірмен жұмыс істейді. Жылыту қондырғысы тек жылытып қоймай, буландыру арқылы да жылу береді және жылы су қызметін қоса атқарады. Өндіріс ошағында қазіргі таңда 57 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

Аудан әкімі кәсіпорын басшысымен өндіріс орнын дамыту ниетін қолдайтынын білдірді. Сондай-ақ, карантин режимін қатаң сақтау керек екендігін атап өтті.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу