Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » 75 МЕЙІРІМДІ ІС: АРДАГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ- ЕЛДІККЕ ҚҰРМЕТ

75 МЕЙІРІМДІ ІС: АРДАГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ- ЕЛДІККЕ ҚҰРМЕТ

Сарыағаш аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай «75 мейірімді іс» атты акциясы өткізілді.


Аталмыш акцияның мақсаты: жастардың бос уақыттарын тиімді пайдалануды үйлестіру, жастарды тазалыққа шақыру, жастарға қазыналы қарттарымызды аялап, құрметтеуге шақыру, қаттарға қолдау көрсетіп, қамқорлық жасау, жастардың бойындағы адамгершілік қасиеттерін, мейірімділікті, қайырымдылықты, қамқорлықты, кішіпейілділікті дамыту, қарттардың үй – жайына тазалық жұмыстарын жүргізу, ауласын тазалап, көгалдандыру, қарттарға қол ұшын созу, құрмет көрсету.


Акция барысында жастар Ұлы Отан Соғысының ардагері Имамали Юсуповтың үйінде тазалық жұмыстарын жүргізді. Атап айтқанда, ауласында жатқан кесек-кесек бұтақ-ағаштарды орнына тасып жинастырып, үйінің жанындағы тазалық жұмыстарын жүргізді. Үйдің ауласын сыпырып, қоқыстарды жиыстырып, ауланы тазалап шықты.
Шара соңында жастар Ұлы Отан Соғысының ардагері Имамали Юсуповпен сұхбаттасып, өздерін қызықтыратын сұрақтарын қойып, әңгімелесті. Ұлы Отан Соғысының ардагері рахметін айтып, ризашылығын білдірді.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу