Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » 75 МЕЙІРІМДІ ІС ЖАЛҒАСУДА

75 МЕЙІРІМДІ ІС ЖАЛҒАСУДА

Жеңіс мерекесіне орай басталған «75 мейірімді іс» акциясы аясында түлкібастық жастар, Ұлы Отан соғысының ардегері Мащенко Александра Владимировна апамыздың шаңырағында болып, ерікті жастар қолғабыс жасап, ардагерді келе жатқан мерекесімен құттықтап қайтты.

Жастар ардагердің үйінің сыртын әктеп, ауласын тазалап, қолғабыс етті. Оқ пен оттың ортасында өмір мен ажал арпалысқан соғыстан елге Ұлы Жеңіспен оралған майдангер естеліктерімен, жастық шағындағы оқиғаларымен, жас буынға деген ақыл-кеңестерімен бөлісті.

Бүгінде жастай соғысқа аттанып, елге оралған ардагерлер саусақпен санарлықтай, жыл өте олардың саны азайып барады. Ерліктің символына айналған майдангерді тек Жеңіс күні мерекесінде ғана емес, жыл бойы оларға көңіл аударып отырған жөн. Ардагерлеріміз аман жүрсін!

Қарияны құрметтеу, үлкенді сыйлау қазақ халқында бұрыннан бар дәстүр. Өмірінің жастық шақтарын еліміздің өркендеуі мен гүлденуіне арнап, маңдай терлерін төккен аталар мен әжелерге құрмет көрсету – жастардың ең негізгі парызы мен міндеті деп білеміз.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу