Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » БАТЫРЫН ҚАДІРЛЕГЕН ЕЛДІҢ МЕРЕЙІ ҮСТЕМ

БАТЫРЫН ҚАДІРЛЕГЕН ЕЛДІҢ МЕРЕЙІ ҮСТЕМ

Елімізде «Ардагерлер» туралы Заңның қабылдағанын естідім. Балаларым мен немерелерім Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен оған теңестірілгендер, тыл еңбеккерлері, Ауған соғысына қатысқан азаматтарға да көптеген жеңілдіктердің жасалып жатқанын жеткізіп, қуантып қойды.

Менің жасым 98-ге таяды. Ұлы Отан соғысына 19 жасымда аттандым. Бүгінде ардагерлер қатары сиреп барады. Бізден кейінде соғыстың зардабын тартқан ұрпақтар аз емес. Ауған жерінде болған соғыста қаншама боздақтардан айрылдық. Чернобыль зардабының өзі қаншама азаматтарымыздың денсаулығынан айырды.

Мұның бәрін неге айтып отырмын? Осы қиындықтарды еңсерген азаматтар да – нағыз батырлар. Балаларым жеткізген жаңалықта осы ардагерлердің статусын айқындапты.

Батырын қадірлеген елдің мерейі үстем. Мемлекеттің ардагерлерді назардан тыс қалдырмай, қамқорлық танытқанына марқайып қалдым. Бұл – ардагерлерін ардақтаған елдің озатынының тағы бір айқын көрінісі.

Ардагерлерге көрсетіліп жатқан осындай құрмет пен қамқорлығы үшін ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғысымыз шексіз!

Төрегелді Сұлтанбеков,
Ұлы Отан соғысының ардагері

Пікір жазу