Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ЖЫЛЫНА 60 ТОННА ӨНІМ АЛУДА

ЖЫЛЫНА 60 ТОННА ӨНІМ АЛУДА

Бүгін Түлкібас ауданының әкімі Н.Байғұт жұмыс сапарын Келтемашат ауылдық округіндегі «Болат» шаруа қожалығының жұмысымен танысудан бастады, деп жазады Түлкібас ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz.

Шаруа қожалық жылына 30 соттық жылыжайға екі рет қызанақ егіп, 60 тонна өнім алуда.

Шару қожалықтың төрағасымен сұқбат құрған аудан әкімі бүгінгі таңда мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге ұсынылып жатқан қолдауларды кеңінен түсіндіріп, кәсібін ұлғайтқысы келген жағдайда әр қашанда қолдауға дайын екенін жеткізді.
Аудан басшысына құлақ асқан кәсіпкер, алдағы уақытта «қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы арқылы кәсібін ұлғайтуға ниеті бар екенін айтты.

Сонымен қатар, аудан басшысы Кершетас ауылындағы «Нұршуақ» балабақшасына арнайы барып, елді мекенде бала санының артуына байланысты балабақша сыйымдылығын ұлғайту мақсатында қосымша жөндеуді қажет ететін ғимаратпен танысты.

Ауылдық округтің бүгінгі жай-күйімен танысқан аудан әкімі Н.Байғұт, округ әкіміне көше тазалығы және көгалдандыру бойынша біршама тапсырмалар жүктеп, кәсіпкерлікті және ауылшаруашылығын дамыту мақсатында мемлекет тарапынан ұсынылып жатқан жеңілдіктерді округ тұрғындарына түсіндіру мақсатында жұмыс жүргізуді тапсырды.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу