Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ЕР – ЕЛІНІҢ ҚОРҒАНЫ

ЕР – ЕЛІНІҢ ҚОРҒАНЫ

Құрметті түлкібастықтар!

Сіздерді мемлекетіміздің айбынды мерекесі 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Әрбір Тәуелсіз мемлекеттің ең басты мақсаты – ел тыныштығын қорғау, мемлекет тұтастығын сақтау. Бүгінде еліміздің әскері егемендіктің тірегіне, бейбіт өміріміздің тұрақтылық пен тыныштықтың кепіліне айналды. Күш-қуаты жылдан жылға артып келе жатқан мемлекетіміздің әскерін еліміздің барша халқы мақтан етеді.

Халқымызда «Ер – елінің қорғаны» деген даналық сөз бар. Осыған орай қастерлі Отанымызға қызмет ету және оны қорғау – әрбір еліміздің азаматының қасиетті борышы, азаматтық парызы. Даңқты қолбасшы, ержүрек батыр Б.Момышұлы «Отан үшін отқа түс – күймейсің», – деген өшпес өсиеті әрбір Отан қорғаушының мәңгілік ұраны болатынына сенімдіміз.

Тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт өмірімізді қас қақпай күзетіп тұрған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қуаты нығайып, даңқы арта берсін! Деңдеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін!

Ізгі ниетпен,
Түлкібас ауданының әкімі
Н.Байғұт

Пікір жазу