Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » КЕЛЕШЕК КҮНДЕРІМІЗ ЖАДЫРАЙТЫН БОЛАДЫ

КЕЛЕШЕК КҮНДЕРІМІЗ ЖАДЫРАЙТЫН БОЛАДЫ

Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы төтенше жағдай ешкімді де бей-жай қалдырмады. Тасқын судың зардабын шеккен эвакуациялық пунктердегі азаматтарды азық-түлікпен қамтамасыз етіп отыру үшін арнайы қойма жұмыс істеп жатыр. Қазір жағдай тұрақталып, әкімдік қызметкерлері және ерікті жандар тынымсыз қызмет етуде.

Бүгінде  “ЕРІКТІЛЕР ШТАБЫНЫҢ” жұмысы қызып, еріктілеріміздің саны күннен күнге артуда.
Арнайы қоймаларда азық-түліктен басқа жеке бас гигенасына арналған заттар, киім-кешектер жиналуда. Бүгінге дейін облыстағы аудан, қалалардан, еліміздің басқа да аймақтарынан, жекелеген кәсіпкерлерден, түрлі қайырымдылық қорларынан, жоғары оқу орындары және «Nur Otan» партиясының «Біз біргеміз» акциясы аясында облыстық, аудандық, қалалық мәслихаттарының депутаттарынан 200 тоннадай гуманитарлық көмектер келіп жеткен. Жиналған заттар эвакуацияланған пунктерге орналастырылған азаматтарға қажетінше үлестірілуде.


Сондай-ақ, эвакуациялық пункттердегі тұрғындарға күнделікті үш мезгіл ыстық тамақ беріліп, дизенфекциялық жұмыстар және балаларға арнайы ойын түрлері мен психологиялық тренингтер өткізіліп жатыр.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу