Түркістан облысы Мақтарал ауданында орын алған төтенше жағдайға байланысты «Біргеміз, Мақтарал» еріктілер штабында 150 жуық еріктілер зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсету жұмыстарын жүйелі ұйымдастыру мен олардың қиын жағдайдағы жан — жақты қауіпсіздігін қамтамасыз етуде.
Қазіргі таңда Штаб жанынан облысымыздың өзге өңірлері мен аудандарындағы волонтер жастардың бастамаларымен ұйымдастырылған көмек керуендерін қарсы алып, қауіпсіз аймақтарға орналастырылған халыққа азық — түлік пен қажетті тұрмыстық заттармен қамтамасыз ету, сондай-ақ жинақ қоймасы жұмыс істеп жатыр.
Волонтерлар штабындағы жинақ қоймасына Түркістан облысының аудан — қалалары мен Шымкент, Астана, Алматы қалаларының жастары мен волонтерлық ұйымдардан, республикалық «Jas Otan» жастар қанатынан гуманитарлық көмектер келуде. Жиналған заттар жүйеленген түрде эвакуациялық пунктерге, сондай-ақ әртүрлі елді мекендерді паналаған азаматтарға үлестірілуде. Бүгінгі таңда Волонтерлар штабы арқылы 20 тонна гуманитарлық көмек, 10000-нан астам медициналық бетперделер мен антисептикалық құралдар таратылды.
© DIDARBEK.kz