Сонымен Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы тасқын қаупіне ұшырағандарға және үйлерін су басып қалғандарға төмендегідей көмек көрсетілетін болды.
- Ауылын су басқан 6127 адамға 100 мың теңгеден беріледі. Мұнда қазіргі есеп бойынша 845 отбасы бар. Егер бір отбасыда 5 адам болса 500 мың теңге алады.
- Алишер Усмановтың қоры аудан бойынша эвакуацияға ұшыраған тұрғындар үшін 5,2 млн $ аударды. Бұл 2,3 млрд теңге 30 420 адамды құрайтын 5202 отбасының әрқайсына 1000 АҚШ долларынан үлестіріледі.
- Мемлекет әрбірі 100 шаршы метрді құрайтын 1030 үйді жаңадан тұрғызып береді. Бұдан бөлек орташа бүлінген баспаналарға жөндеу жүргізеді. Ескі үйлері тұрған жер телімдері тұрғындардың өздеріне қалады.
- Бүгінгі есеп бойынша 7,7 мың гектар алқапта егістік бүлінген. Онда егілген бақшалықтың түрлері мен шығындары есептелуде. Бұл да толық төленеді.
- Суда қалып өлген мал түгелденуде. Оның да құны нарық бағасына сай өтеледі.
- Гуманитарлық көмектер толығымен көрсетіледі.
© «Nur Otan» партиясы
Түркістан облыстық филиалы
төрағасының бірінші орынбасары
Б.Тәжібаев