Бүгін Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай Төлеби ауданы әкімі Б.Омарбеков, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ә.Шыңғысбаев, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшысы Ә.Кортаев, аудан әкімінің орынбасары С.Дүйсебаев Ұлы Отан соғысы ардагерлері Рсмет Жұмағұлов, Александра Капустинаның шаңырағына барып, мерекесімен құттықтады.
Аудан әкімі ардагерлерге ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың, облыс әкімі Ө. Шөкеевтің және өзінің құттықтау хатын табыс етті. Сұрапыл соғыстағы майдангерлердің көрсеткен ерліктеріне бүгінгі ұрпақ бас иетінін айта отырып, кейінгіге бейбіт өмір сыйлаған ардагерлерді құттықтап, гүл шоқтары мен мерекелік сыйлықтар тапсырды. Өз кезегінде қарттар аудан басшысына көрсетіліп жатқан құрмет пен қамқорлықтарына ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.
Жалпы, Төлеби ауданында 2 ардагер, 31 соғыста қаза болған жауынгерлердің жұбайлары және 591 тыл еңбеккерлері бар. Мереке қарсаңында олардың әрбіріне құрмет көрсетіліп, 30 мың теңге қаржылай сыйақы шоттарына аударылып берілді.
© Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі