Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТӨЛЕБИ АУДАНЫ ҚҰТТЫҚТАЙДЫ

ТӨЛЕБИ АУДАНЫ ҚҰТТЫҚТАЙДЫ

Құрметті төлебиліктер!
Құрметті Отан қорғаушылар!
Сіздерді еліміздің айбынды мерекесі 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймын!
Бұл мереке – бейбіт елдің тыныштығын әуеде, құрлықта, теңізде қорғап, өз тағдырын ел тағдырымен байланыстырып жүрген әрбір азамат үшін ерекше күн.
Бұл күн Отанымызға қызмет етіп, еліміздің егемендігі мен ұлттық мүдделерін қорғайтын, оның тарихи жеңісті дәстүрлерін жалғастырып келе жатқан барша азаматтарға ерекше құрмет болып табылады. Қай дәуірде болмасын, Отан қорғау әр Қазақстан азаматының қасиетті борышы болып келеді. Еліміздің Қарулы Күштері қауіпсіздігіміздің басты кепілі, Отанымыздың бейбіт өмірі мен егемендігіміздің берік тірегі болып саналады.
«Ұранды елдің ұрпағы айбарлы келеді» деген дана халқымыз. Бүгінгі айбынды армиямыз үшін елдің тыныштығын сақтап, Тəуелсіздіктің қорғаны болу мəртебелі зор міндет. Ол абыройлы борыш, қастерлі парыз.

Қымбатты жерлестер!
Бүгiнде Отан қорғаушы күнi жалпы халықтық мерекеге айналды. Бұл күн өз Отанын, шаңырағын қорғауды парызы санайтын ер мiнездi, мықты, рухы күштi азаматтардың мерекесi.
Отан қорғаушы күнiн Жеңiс мерекесi қарсаңында атап өтуiмiз тегiн емес. Бұл үздiк әскери дәстүрлердiң сақталғанының, ұрпақтар сабақтастығының көрiнiсi.
Бар ғұмырын Отанын қорғауға арнап, қызметін мінсіз атқарып келе жатқан әскери қызметкерлер мен сарбаздарымыз қашанда құрмет пен ілтипатқа лайық. Оларға әрқашан алғысымызды білдіреміз. Еліміздің тыныштығын сақтау жолындағы жауапты қызметтеріңізге қайсарлық, қажымас қайрат, отбасыларыңызға амандық тілеймін!

Ізгі ниетпен,
Төлеби аудаынның әкімі Б.Омарбеков

Пікір жазу