Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ЕРЛІК ЕЛГЕ МҰРА, ҰРПАҚҚА ҮЛГІ

ЕРЛІК ЕЛГЕ МҰРА, ҰРПАҚҚА ҮЛГІ

Қымбатты ардагерлер, тыл еңбеккерлері!

Сіздерді қан майдандағы өшпес ерлік пен өлшеусіз даңқтың, тылдағы ерен еңбек пен асқан қаһармандықтың ұмытылмас өнегесі – Жеңіс күнінің 75 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын!
Ұлы Отан соғысы – Отаны мен тарихи әділдік үшін жан қиюға дайын қаһарман халқымыздың күллі әлемге танытқан қасиетті майдан болса, Ұлы Жеңіс – сіздердің ерліктеріңізді мәңгілік ел жадында сақтауға арналған ең қастерлі мереке.
«Ерлік – елге мұра, ұрпаққа – үлгі» дейді халық даналығы. Халықтар достығы мен ынтымағының, ерен ерлік пен өрліктің, еселі еңбек пен қажырлы күш-қайраттың нәтижесінде қолымыз жеткен Ұлы Жеңістің даңқы ешқашан ескірмейді, қайта жылдар жылжыған сайын оның жаңа тарихи беттерін ашып, ардагер аға ұрпақтың өшпес қолтаңбасы мен өнегесін баяндап, жадымызда жаңғыра береді.
Ұлы Отан соғысында майданға аттанған 10862 жерлесіміз бүгінгі бейбіт күн үшін өшпес батырлық көсетіп, Ұлы Жеңіске зор үлес қосты. 5 жерлесіміз Кеңестер Одағының Батыры атағын иемденсе, жүздеген жауынгерлеріміз І және ІІ дәрежелі «Даңқ» орденінің кавалері атанды. Бүгінгі таңда арамызда 2 Ұлы Отан соғысына қатысушы және 591 тыл еңбеккері ғана қалып отыр. Жыл өткен сайын қатары сиреп бара жатқан Жеңіс жауынгерлерінің ерлігі мен қайсарлығы ұрпақ жадында мәңгі қалмақ.
Қан майданында ерлікпен қаза тапқан азаматтардың рухына бас иіп, ортамызда жүрген ардақты ардагерлерімізді қадірлеу – перзенттік парызымыз. Біздерге бақытты күндер мен шуақты сәттерді сыйлаған айбарлы аталарымыз бен ақжаулықты апаларымызға қажетті әлеуметтік көмектер көрсету қазіргі ұрпақтың негізгі міндетінің бірі. Бұл – бүгінгі ұрпақтың аға буын өкілдеріне көрсетіп отырған қадір-құрметі мен ізгілігімен ілтипатының біршамасы ғана. Әрине, ардагерлерге көрсетілетін құрмет пен көмек жыл бойы тұрақты түрде жалғасын табатын болады.

Қымбатты жерлестер!
Жеңіс күні Қазақстан тарихында жəне əрбір азаматтың есінде мəңгі қалады. Біздің ортақ парызымыз бен міндетіміз – осы Жеңістің қандай қиындықпен келгенін əрдайым есте сақтау, жаңа ұрпақты құрметпен қарауға тəрбиелеу.
Біз әрқашан ардагерлерімізге зор алғыс айтып, шынайы құрмет пен қошемет білдіріп, басымызды иеміз.
Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, туғандарыңыз бен жақындарыңызға қуаныш, бақыт, амандық тілеймін! Үйлеріңізде əрқашан бейбітшілік пен тыныштық орнасын!
Даңқтарыңыз арта берсін, қымбатты ардагерлер!

Ізгі ниетпен,
Төлеби аудаынының әкімі Б.Омарбеков

 

Пікір жазу