Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ЖАС КЕЛСЕ, ІСКЕ!

ЖАС КЕЛСЕ, ІСКЕ!

Сайрам ауданының әкімі Ұ.Сәдібеков Көлкент елдімекеніндегі жеке кәсіпкер «Бекнұрдың» есік терезе, темір қақпа жасайтын кәсіпорнын аралады, Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz ақпарат агенттігі.

Жеке кәсіпкер «Бекнұр» темірден, ағаштан үйдің ішкі — сыртқы есіктерін, аула қақпаларын, көше жарықшамдарының бағаналарын жасауды қолға алған. Ондағы жұмысшылар қазан құйып, көше атауы, басқа да жазу жазылған тақтайшаларды ойып әзірлеумен айналысуда.

Өзбекстан Республикасынде түрлі метальдан құрылысқа қажетті өнім дайындайтын ағасының жанында ұзақ уақыт тәжірибе жинаған Бекмұрат Ешанқұлов биыл Сайрам ауданының Көлкент ауыл округінде өз кәсібін ашты.

— Отбасылық кәсіпті бастау үшін жинаған қаражатымызды жұмсап, бірқатар станоктарды алдық. Енді осы кәсіпті дамытуға қолдау көрсетуіңізді сұраймын, — деді Бекмұрат Анарханұлы.

Аудан басшысы бүгінгі таңда 14 адамды жұмыспен қамтып отырған кәсіпкерге мемлекеттік бағдарламалар аясында тиісті қолдау көрсетуге әрқашан дайын екенін айтты.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу