Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Сайрам ауданының әкімі  Ұ.Сәдібеков аудандағы 11 ауылдық округтердің тазалық мәселесіне баса назар аударып, көріктендіру-көгалдандыруды және ауданның ажарын ашатын сәулеттік келбеттерін қалыпқа келтіруді қолға алды. Ең үлкен көшенің көрікті болуы – маңызды. Осыған көңіл аударып, Ақсукент ауылдық округінің орталығы Жібек жолы көшесін аралады. Аралау барасында аудан басшысы атқарылып жатқан жұмыстар баяу жүріп жатқандығын атап өтіп, ауыдық округі әкімі мен тиісті бөлім басшыларына нақты тапсырмалар берді.

Сонымен қатар, Ақсукент ауылының орталығында атқарылатын абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарының жобасымен танысып, нақты атқаратын жұмыстарды пысықтады. Бұл игілікті жұмыстардың барлығы халық үшін.

Ақсукент ауылын аралау барысында Жібек жолы көшесі бойында орналасқан аудандық «Ардагерлер үйі» ғимаратының құрылыс жұмыстарымен танысты.

Екі елді мекеннен тұратын Манкент ауылдық округін аралау барысында Манкент ауылы, Жалол ата көшесіндегі тәулігіне 10-12 тонна сүтті өңдейтін «Рассвет» ЖШС-нің жұмысын көрді. Кәсіпорын басшысы Ж.Медетбеков. Аталған цехта 10 адам жұмыспен қамтылып отыр. Сүттен ірімшік, брынза өнімі алынады.

Одан кейін, Манкент ауылының, Ұлықбек көшесіндегі тәулігіне 8-12 тонна сүтті өңдейтін «Дауыт» ЖШС-н аралады. Аудан әкімін сүт өңдеу цехының жұмысымен кәсіпорын басшысы Холметов Уткирбек таныстырды.

Бүгінгі таңда кәсіпорында 12 адам жұмыс атқарып, ірімшік, йогурт, брынза өнімдерін өндіруде.

Іссапар соңында аудан әкімі Ұ.Сәдібеков Манкент ауылдық округінің О.Құрбанов көшесіндегі ЖК «Манкент Ангар» ЖШС-не ат басын бұрды. Кәсіпорын басшысы Тошходжаев Захиджан 6 адам жұмыспен қамтып отыр. Кәсіпорында тәуілігіне 8-10 машина жөндеуден өткізіледі.

©Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір жазу