Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ҰЛЫ ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАР МАРАПАТТАЛДЫ

ҰЛЫ ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАР МАРАПАТТАЛДЫ

Сайрам ауданындағы Ұлы Отан соғыс ардагерлеріне Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай, 1 миллион теңгеден бір реттік көмек берілді.

Ұлы Отан соғысының ардагері Мукаррам Шайхуддиновті марапаттау үшін аудан әкімі Ұласбек Сәдібеков ақсақалдың шаңырағына барды.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының және Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Естайұлының құттықтау хатын тапсырған аудан басшысы ардагерге шапан жауып, сый-құрмет жасады.

Ақсақалға мерейтойдың тарихи медалін тағып, Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай тағайындалған 1 миллион теңге көлеміндегі сыйақы сертификатын тапсырды.

Айта кетейік, Сайрам ауданынан Ұлы Отан соғысына 21195 азамат аттанып, оның 8115-і қан майданда қаза тапқан. Ал бүгінгі таңда ауданда Ұлы Отан соғысы ардагерінің қатары сиреп, төртеуі ғана қалды.

Ұлы Жеңістің 75-жылдығы қарсаңында майдангерлеріміздің ерлігі ескеріліп, жергілікті бюджет есебінен 30 млн теңге қаржы қарастырылды.

Ұлы Отан соғысының төрт ардагеріне — 1 000 000 мың теңгеден, 1 ҰОСҚ теңестірілген азаматқа — 100 000 теңге, 15 ҰОС мүгедектерінің жесіріне және 838 тыл еңбеккеріне 30 000 теңгеден бір реттік материалдық көмек тағайындалып, жеке есеп шоттарына аударылды.

© Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір жазу