Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » СТАЛИНГРАДТЫ АЗАТ ЕТУГЕ ҚАТЫСҚАН

СТАЛИНГРАДТЫ АЗАТ ЕТУГЕ ҚАТЫСҚАН

Ұлы Отан соғысының ардагері, 97 жастағы Халнияз Әбішов әскерге шақырылғанға дейін Ә.Науаи атындағы ұжымшарда жұмыс істеген.

1942 жылғы 12 шілдеде Сайрам аудандық әскери комиссариатынан әскерге шақырылып, содан әрі Сталинград қаласын азат етуге қатысты. Жарақатына бойлаысты жауынгер 1944 жылдың қаңтарында елге оралған.

І дәрежелі «Отан соғысы» орденімен, «Германияны жеңгені үшін» медалімен және мерейтойлық сегіз медальмен марапатталған ақсақал зейнеткерлікке шыққанға дейін Ә.Науаи атындағы ұжымшарда табельші болып қызмет етті.

Бүгінде 9 баласы, 38 немересі, 29 шөбересі бар Халнияз ақсақалды Ұлы Жеңістің 75 жылдығымен құттықтап аудан әкімінің орынбасарлары Мадияр Оразалиев, Бахадир Олжаев және Қарабұлақ ауыл округі әкімінің міндетін атқарушы Бахтияр Шамуратов барды.

Ардагердің отбасына сый-сияпат жасап, қазақы дәстүрге сай шапан жауып, Мемлекет басшысының Жарлығымен тағайындалған 1 миллион теңге көлеміндегі бір реттік сыйақыны тапсырды.

Жомарттығымен белгілі Халнияз ақсақалдың денсаулығы да қалыпты. Өзін құттықтай келгендерге ақ батасын беріп, көшеге дейін шығарып салды.

© Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір жазу