Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев жұмыс сапарымен Төлеби ауданына барып, өнеркәсіп саласындағы ірі жобалардың бірі — «Ленгір машина жасау зауытында» болды. Аталған жобаға 3-3,5 млрд теңге инвестиция тартылмақ. Жалпы өндірістік аумағы 13 мың шаршы метрден асатын кәсіпорын толықтай қайта құру, жаңарту жұмыстары жүргілізіп жатыр. Машина жасау өнеркәсібіне құрылыс — темір өнімдері мен бөлшектері шығарылмақ. Маманданған зауыт тапсырыс болған жағдайда тіпті поезд вагондары мен бөлшектерін жасап шығара алады.
Мұнда отандық шикізат пайдаланылып, өндірілген өнімдерді еліміздің ішкі нарығына шығару жоспарлануда. Алдағы уақытта жаңа жұмыс орындары ашылып, 150 адамды жұмыспен қамту көзделініп отыр. Тоқырау кезінде қараусыз қалған машина жасау зауыты қайта жанданып, биыл іске қосылады.
Аймақ басшысы «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында жүзеге асырылатын жобалармен танысты. Аудан орталығындағы «Жастық» стадионында күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Ауданда білім ұялары жаңартылып, 20 пәтерлі 9 тұрғын үй бой көтерді.
© Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі