Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » СОҒЫС АРДАГЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

СОҒЫС АРДАГЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Жеңістің 75 жылдық мерейтойын Созақ ауданында үш ардагер қарсы алып отыр. Олар: Жылысбай Мырзахметов, Тәжі Нұрқожаев, Шәміл Тағаев. Соғыста қару алып отанын қорғаған ардагерлер, бейбіт өмірде еліміздің өсіп өркендеуі жолында жан аянбай еңбек етті. Бүгінде немере шөберелерінің ортасында абыз ақсақалға айналған ардагерлер мемлекетіміздің амандығын, бейбіт өмірдің мәңгілік болуын тілейді. Өңір басшысы Салыхан Полатов, ауданымыздағы Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің үйінде болып, мерекемен құттықтады. ҚР Президенті Қасым – Жомарт Тоқаевтың, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің құттықтау хатын және көршілес Ресей мемлекеті Владимир Путиннің мерекелік медальін, аудан әкімдігі тарапынан ақшалай сыйлық ұсынды.
Өз кезегінде, соғыс ардагерлері аудан басшылығына қашанда қолдау көрсетіп, көңіл бөліп үнемі назарда ұстайтын басшылыққа ризашылығын білдірді. Әлемді бейбітшілікке үндеп отырған, елімізде тыныштық болсын деген жүрекжарды лебізін білдірді.
Сондай-ақ, жеңістің 75 жылдық мерейтойы қарсаңында 355 тыл ардагерлеріне, 18 Ұлы Отан Соғысының жесірлеріне, 18 Ұлы Отан Соғысының мүгедегіне теңестірілгендермен Чернобыль апатына қатысқан 6 азаматқа ақшалай сый сияпат берілді.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу