Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » БЕЙБІТ ӨМІРГЕ ЖЕТКІЗГЕН ЖАНДАР

БЕЙБІТ ӨМІРГЕ ЖЕТКІЗГЕН ЖАНДАР

Бүгінде Бәйдібек ауданында Ұлы Отан соғысының 2 ардагері бар. Зұлматты заманда жастығын соғысқа арнап, мұздай қару асынып, көзсіз ерлік көрсеткен ҰОС-ы ардагерлерінің бірі Қалдар Исаханов Ақтас ауылының тұрғыны, ал екіншісі Шаян ауылының тұрғыны Бейсенбек Игісінов аталарымыз. Бұл қос майдангер аталарымызға Бәйдібек ауданы әкімдігі тарапынан түрлі тиісті қолдаулар көрсетіліп келеді. Тоқсанның үстіндегі екі ҰОС-ның ардагерлері өздерін әлі де сергек сезінеді.


Бәйдібек ауданының әкімі Ержігіт Шәріпбеков осы қос майдангер Қалдар мен Бейсенбек аталарымыздың үйлеріне арнайы барды. Олардың қал-жағдайларымен танысты, әңгімелесті. «Сіздердің ерліктеріңіз бен батырлықтарыңыздың арқасында еліміз Тәуелсіздікке қол жеткізді. Осыған қосқан үлестеріңіз үшін үлкен рахметімді айтамын. Сіздердің өмір жолдарыңыз өскелең ұрпаққа өнеге» – деп, қос майдангерді Жеңістің 75 жылдығымен құттықтап, зор денсаулық пен ұзақ ғұмыр тіледі. Қос майдангерге Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев пен Түркістан облысының әкімі Қ.Шөкеевтің құттықтау хаттары мен мерекелік медальдарын табыс етті.

Өз кезегінде ардагерлер Игісінов Бейсенбек пен Исаханов Қалдар аталарымыз сұрапыл соғыс жылдарында өткізген күндерін еске алып, «Бүгінгі бейбіт өмірге жеткен біз – бақытты жанбыз, Бүгін Ұлы Жеңістің 75 жылдығын тойлап отырмыз, алдағы Жеңістің 80 жылдығында жолыға берейік», – деп ақ баталарын берді.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу