Адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыстың аяқталғанына биыл 75 жыл толып отыр. Сол ардагерлердің теңдессіз ерліктері мен табандылықтары ғасырлар бойы жасай береді. Тылдағы әрбір күн соғысқа тең болды. Ардагерлер көрген зұлматты біз көрген жоқпыз.
Жеңістің 75 жылдығын атап өту шарасы елдегі жағдайға байланысты жылдағыдай ауқымды дәрежеде өткізілмей, өзара комитет шешімімен білім саласында еңбек еткен Ұлы Отан соғысының ардагерлерін марапаттау мақсатында іс-шара ұйымдастырылды. Биылғы жылға дейін білім саласына қарасты ардагерлер саны үшеу еді. Екі Ұлы Отан соғысының ардагерлері Абдулла Рысметов пен Ергеш Ташметов майдангерлеріміз өмірден озды. Өткенге салауат айта отырып, бір майдангеріміз Әбжаппар Дайрабаев атамызды құттықтап, қаржылай (50000) елу мың теңге тапсырдық.
Кәсіподақ комитеті майдангер қарт ұстаздарды қадірлеп қастерлеуді бір сәтте естен шығарған емес. Бүгінгі таңда кешегі отты жылдарда бораған оқтың ортасынан келіп, бейбіт өмірде жастарға білім беруді жалғастырған ардагер, ардақты ұстаз қариямыз Әбжаппар ата бізбен бірге бейбіт өмірдің ортасында. Аталар ерлігі, Отан үшін от кешкен отты жылдар, келер ұрпақтың есінде, өшпес тарихымен, өнеге тұтар үлгісі ретінде мәңгі сақталады. Түркістан қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің қаржылай берген сый-сияпаты майдангер ұстаз үшін үлкен ілтипаттың азғантай көрінісі. Алайда қариямыздың көңілін аулау, оған құрмет көрсету келер ұрпақ үшін өнеге.
М.КЕНЖЕБАЕВА,
Түркістан қалалық білім және ғылым қызметкерлері
кәсіподақ комитетінің маманы.