Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » КЕСЕНЕ МАҢЫНАН ТЕРЕҢ ҚҰДЫҚ ҚАЗЫЛАДЫ

КЕСЕНЕ МАҢЫНАН ТЕРЕҢ ҚҰДЫҚ ҚАЗЫЛАДЫ

Үкаша ата кесенесі маңында терең ұңғымалы құдық қазылды, деп жазады «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz.

Мәдениет және спорт министрлігінің «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» РМҚК қарасты Үкаша ата кесенесі маңында терең ұңғымалы құдық қазылды.

Қасиетті жер аумағын көгалдандыру және толық мөлшерде сумен қамтамасыз ету мақсатында қолға алынған іске жеке кәсіпкер Беркінбаев Оңғарбек Мейірбекұлы демеушілік танытты.

Бұған дейін кесене аумағындағы ағаштар мен гүлдер шіліңгір шілдеде судан тапшылық көріп, арнайы су таситын техникалар арқылы тіршілік нәрімен қамтамасыз етілген болатын.

Алдағы уақытта Үкаша ата кесенесі жанында көптеген саялы ағаштар мен түрлі-түсті гүлдер егіп, көгалдандыру жұмыстары қолға алынады.

Кесенеге алыс-жақыннан сапар шегіп, зиярат етушілер қатары көп. Осыны ескере отырып, кесене аумағына көгалдандыру жұмыстары жүргізілсе, нұр үстіне нұр болар еді.

Үкаша ата кесенесі туралы айта кетсек, жалпы халық арасында құдық суы жер асты арқылы Меккедегі Зәм-зәм бұлағымен байланысады деген түсінік бар. Құдықтан су біреуге шығады, біреуге шықпайды. Халық шелек салғанда су шығатын болса, ол адамның зиараты, тілегі қабыл болды деп түсінеді.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу