Төлеби ауданында әсем көріністерді тамашалайтын алаң орнатылады, деп жазады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz.
Тұмса табиғатымен талайларды таңғалдыратын Төлеби ауданының қысы да, жазы да туризм саласын дамытуға сұранып тұрған аймақ екені белгілі. Туризм саласын дамытуға, демалуға келген туристерді жан-жақты қызықтыруға жылдан жылға мән беріліп келеді.
Биыл тау бөктеріндегі демалыс аймақтарына баратын Алатау ауылдық округіне кіреберіс жерге табиғатты тамашалауға қолайлы алаң орнатылмақ. Аудан әкімі Бауыржан Омарбеков құрылыс жұмыстарымен танысып, сапасын бақылап қайтты. Әсем көріністерді тамашалауға арналған алаңды орнатуға аудандық бюджеттен 14,7 млн теңге бөлініп отыр.
Алдағы уақытта демалуға келген қонақтарымыз әсемдікке көз тоқтатуға аялдап, арнайы орнатылған дүрбі арқылы сұлу да коркем келбетті тамашалап, естелікке суретке түсе алатын болады. Жергілікті тұрғындар мен аудан қонақтары үшін жасалып жатқан игілікті жобаның құрылысын 30 мамырда аяқтау жоспарлануда.
© DIDARBEK.kz