Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қазақстан жаңалықтары » КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІҢ ҚАСБЕТІ ЖӨНДЕЛУДЕ

КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІҢ ҚАСБЕТІ ЖӨНДЕЛУДЕ

Шымкент қаласы «Нұрсәт» шағынауданындағы көпқабатты тұрғын үйлердің сыртқы келбетін қайта қалпына келтіру жұмыстарын, қала әкімі М.Әйтенов осы аумақты аралау барысында тиісті мекемеге тапсырған болатын. Енді міне, Нұрсәт шағынауданындағы аталған тұрғын үйлерді жөндеу жұмыстары басталып кетті.

Қазіргі таңда «АРТ құрылыс» ЖШС-нің 30 жұмысшысы қасбетті қалпына келтіру жұмыстарымен айналысуда. Қосымша 5 құрылыс техникасы, яғни, 1 кран, 1 газель және 2 жүк көлігі мен 12 жеделсаты тартылған.

Сыртқы әрлеу жұмыстарын талап етіп отырған үйлер әлеуметтік желіде жарияланған болатын. Бүгінде сол мәселе бойынша нөмірі №19, 20 көпқабатты тұрғын үйлердің бүгінде алғашқы үш қабаты бесқұдық таспен кейінгі қабаттары жауын-шашынға төзімді материалмен қаптау жұмыстары жүргізілуде.

Құрылыс жұмыстары қала күніне орай, яғни маусым айында аяқталады деп жоспарлануда.

Мегаполистің әкімі болып тағайындалған үш айдан астам уақытта Мұрат Әйтенов мәселелері шешілмей келе жатқан елдімекендердің жұмысымен танысып, халықпен тілдесіп келеді. Олардың әрбір көтерген проблемалары хаттамаға енгізіліп, тиімді шешу жолдары қарастырылып жатқанын назарларыңызға жеткізгіміз келеді.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу