Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » САЙРАМ АУДАНЫНДА ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТЫ

САЙРАМ АУДАНЫНДА ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТЫ

Көрші отырған Төлеби ауданындағы жағдайға байланысты Сайрам Ауданында жедел жұмысшы тобы құрылды.

Түске дейін Төлеби ауданында іс-сапарда болған Сайрам ауданының əкімі Ұласбек Сəдібеков түстен кейін Қарабұлақ, Манкент, Ақсукент, Арыс, Көлкент ауылдық округтерін аралады.

Ауа райының қолайсыздығынан 13 мамыр күні сағат 18:50-де Сайрам ауданы бойынша Ақсу, Қарасу, Қарабұлақ және Манкент ауылдық округтерінде су мөлшері артып, арық-атыздан бөлек, көшеге жайылды. Аяқ жолдар мен тұрғын үйлердің ауласына су жиналып, ауыл тұрғындарына жайсыздық туғызды.

Ұласбек Сəдібекұлы жағдайдың тұрақтылығына көз жеткізіп, ауыл округ əкімдеріне бақылауды тоқтатпауды тапсырды.

— Дəл қазір жауын басылғанымен күн бұлтты. Əлі де нөсерлетіп жаңбыр жаууы мүмкін. Сай-салаға жиналған жауын суы сол маңдағы нысандар үшін қауіп. Сондықтан, осындай нүктелерде техникамен қамтылған жасақ əрқашан жұмысқа дайын тұруы тиіс, — деді аудан əкімі.

Қазір Сайрам ауданында төтенше жағдайлар басқармасының және №6 өрт сөндіру бекетінің 40 қызметкері, аудан және ауыл округі әкімдіктерінің 55 қызметкері, 8 мотопомпа, 12 бульдозер, погрузчик, тракторлар және көше тұрғындарымен бірге жұмыс жасауда.

Техника көмегімен көшелердің арасына құм төселіп, бульдозермен судың арнасы арыққа қарай бұру жұмыстары жүргізілді.

Аулаларға кірген су толығымен насос арқылы тартып алынып, қауіпсіз аумаққа төгілуде.

Аталған төтенше жағдайлар жауын суы əдеттегі мөлшерден өте көп болуы және өткізгіш арық атыздардың бітеліп қалуы салдарынан орын алуда.

Дегенмен, əзірге зардап шеккендер жоқ. Келтірілген залал, шығындар есептелуде.

© Сайрам ауданы əкімінің баспасөз қызметі

Пікір жазу