Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қазақстан жаңалықтары » ШЫМКЕНТТЕ ЖАУЫН-ШАШЫН САЛДАРЫ ЖОЙЫЛУДА

ШЫМКЕНТТЕ ЖАУЫН-ШАШЫН САЛДАРЫ ЖОЙЫЛУДА

13.05.2020 жылы сағат 19.14-те Еңбекші ауданы, Елтай елді мекеніне қатты жауын-шашын салдарынан Түркістан облысы Төлеби ауданынан секундына 3-5 текше метр су келгені туралы хабарлама келіп түсті. Үйлердің аулаларын су басып, судың деңгейі 20-50 см құрады. Көп мөлшерде келген судан арық жүйесі істен шығып, соның салдарынан тұрғын үйлердің аулаларын су басты. Жалпы 60 тұрғын үйдің ауласын су басып, 3 шаруашылық құрылысы қирады.
Авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін Шымкент қаласы ТЖ департаментінің 57 қызметкері, 14 техника мен МП-100 маркалы 14 мотопомпа жұмылдырылды. ТЖД күштері суды шығару жұмыстарын, ал жергілікті атқарушы органдарының коммуналдық қызметтері арықтардың механикалық тазалауын жүргізді.
Эвакуациялық пункттерге жеткізу үшін шұғыл түрде қоғамдық көліктер ұйымдастырылды.

ТЖ департаментінің мобильді тобы дауысзорайтқыш арқылы Елтай елдімекенінің тұрғындарын эвакуация туралы құлақтандырды. Су басқан 60 үйден адамдарды көшіру ұйымдастырылды. Маятас тұрғын алабында орналасқан №119 мектептің негізінде құрылған №41 эвакуациялық жиналу пунктіне 150 адам көшірілді, 150 адам өздеріннің туыстарының үйіне орналасты. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ.

14.05.2020 . сағат 01.14-те Еңбекші ауданы, Откорм.совхоз Гаухар тас көшесінде қатты жауын-шашын салдарынан Бадам өзенінің тасуы орын алды. Жағалаудың бұзылуы салдарынан 2 тұрғын үйдің құлауына қауіп төнді (үйлерге дейін арақашықтық 7-8 метр). ТЖД күштерімен қауіп төніп тұрған 2 үйден 17 тұрғын Бадам-1 елдімекеніндегі №84 орта мектебінің негізінде құрылған эвакуациялық жиналу пунктіне көшірілді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. ТЖ салдарын жоюға ТЖ департаментінің 16 қызметкері және 5 техникасы жұмылдырылды.
Сонымен қатар 112 кезекшілік қызметіне азаматтардан үйлердің аулаларын су басқаны туралы 28 қонырау түсті, барлығына шұғыл түрде қызметкерлер шығып, суды шығару жұмыстарын жүргізді.

Жалпы 973 текше метр су шығарылды. Жеке құрамнан 97 адам, 23 техника жұмылдырылды.

© Шымкент қаласы ТЖД ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы

Пікір жазу