Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қазақстан жаңалықтары » БАЛАЛАРЫҢЫЗҒА САҚ БОЛЫҢЫЗ!

БАЛАЛАРЫҢЫЗҒА САҚ БОЛЫҢЫЗ!

Соңғы кездері Шымкенттегі көпқабатты үйлердің терезелерінен ата-анасының қарауынсыз қалған балалардың құлап кетуі жиі орын алып жүр. Соған байланысты тұрғындардың кездейсоқ, жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында Төтенше жағдай департаменті тұрғындардың назарына ұсынады.

1. Баланың терезе алдына шыға алмайтындай етіп, жиһаздардың барлық түрлерін терезеден алыс қою керек.

2. Шыбын-шіркейден қорғайтын тор перделері қайғылы оқиғаға бірден-бір себеп, өйткені, бала өзін қауіпсіздікте санап, терезеге де, тор перделерге де сүйенеді. Нәтижесінде балалар осы тор перделермен бірге жиі құлайды. Тор перде басты назарда болу керек!

3. Терезеге арнайы бекіткіш орнатыңыз.

4. Егер балаға терезеден бірдеңе көрсетемін десеңіз – терезені дұрыстап бекітіңіз, баланың жылдам қимылдауына дайын болыңыз, алақаныңызды құрғақ ұстаңыз, баланы киімінен ұстамаңыз.

5. Егер сіздің бекіткіш және сақтандыру жабдықты дәл қазір орнатуға жағдайыңыз болмаса, терезенің тұтқасын уақытша алып тастап, қажеттілік бойынша пайдаланыңыз.

Балаларыңызға сақ болыңыз!

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу