Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары » Ботабековтің обал-сауабы Биғалиевті ойландырмай ма?

Ботабековтің обал-сауабы Биғалиевті ойландырмай ма?

Республикалық «Әділет» газетінің бұрынғы басшысы Қуанышбек Ботабеков өзінің заңсыз әрекеттеріне орай істі болып, 7,6 жылға сотталды. «Еркін ой» газеті осы Қуанышбек Тасболатұлына қатысты болған жайды толығымен жария етіп, елге таныстырды. Соның ішінде бүгінде ОҚО денсаулық сақтау басқармасының жаңа басшысы, бұған дейін облыстық клиникалық аурухананың бас дәрігері қызметін атқарған Мұқан Егізбаев пен қазіргі таңда Шымкент қалалық жедел жәрдем ауруханасының бас дәрігері болып отырған Мади Биғалиевке қатысты жәйттерге қаныққаннан кейін, кәдімгідей жағамызды ұстадық.

Сотты болған Қ.Ботабеков бас дәрігер М.Егізбаевты газетпен келісім-шартқа отырудан және оған жазылым жасаудан бас тартқаны үшін қаралауға көшіп, екі жылдың ішінде 23 мақаланы өз газетінде жариялаған. М.Егізбаев пен М.Биғалиевтің араларында өзара бас арыздықтары барын біліп, газеттің басшысы облыстың клиникалық аурухананың дәрігерлері жөнінде арыздар ұйымдастыру мәселесін М.Биғалиевке тапсырып, ол 2014 жылы нефролог-дәрігер О.Нарманованың көмегімен клиникалық ауруханада ем алған, дәрігерлеге реніштері бар науқастар З.Кудиярова мен Нұрлан Жолдыбектің әйелі Г.Жолдыбекпен кездесіп, оларға «Үміт» бүйек ауыстыру жөніндегі мүгедектер қоғамы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы М.Ускембаевтың атына кезінде О.Нарманова арқылы М.Егізбаев пен облыстық клиникалық аурухана дәрігерлерінің үстінен шағым жазған. Бұл үшін М.Биғалиев 100 мың теңгеден екеуіне заңсыз сыйақы береді. Қ.Ботабеков алдын ала жасалған келісім бойынша М.Ускенбаевтың «Мы, больные, боимся за свою жизнь» атты мақаласын «Әділет» газетінің 3.10.2014 жылғы нөмерінде басып шығарады. Сонымен қатар Қ.Ботабеков М.Егізбаев туралы сын мақалалар жинау үшін М.Биғалиевтен бірнеше рет ақша алған. Қ.Ботабековтің М.Егізбаевқа қатысты жасап жатқан әрекеттерін М.Биғалиев толығымен қолдап, оған материалдық көмек көрсетіп отырған.
М.Егізбаевқа ештеңе болған жоқ. Жазылған жайлар бойынша қызметінен алынбады. Қайта облыстың бас дәрігері болып, дәрежесі көтеріліп кетті. Осы жерде М.Биғалиевтің жасаған әрекеттері, қаржылай газет басшысына көмек беріп, өз әріптесіне қара күйе жағуға әрекет жасаған қылығын қалай бағалауға болады? Осындай жағдайлардың салдарынан журналист Қуанышбек Ботабеков қаншама жылды арқалап, қазір абақтыда отыр. Оның обал-сауабы, артында қалған отбасындағы балалары Мади Биғалиевтің мазасын алмайды ма екен?! М.Егізбаев жөнінде талай жөнсіз әркеттерге барғаны қазір өзіне басшы болып отырған адамның бетіне қалай қарайды екен? М.Биғалиев облыстағы ең білікті дәрігерлердің алдыңғы сапында. Мәселе бұл жерде қызметте емес, адамның азаматқа тән кейбір қылықтарының өз атына лайық болмай отырғанында. Қарияларымыз осындай қылыққа барып жатқанда олардың адамның жанына қалай арашасы болып жүргендігі кімді болсын кәдімгідей ойландырып қояды. Қазіргі кезде М.Егізбаев өзінің сыртынан талай тірлік ұйымдастырған М.Биғалиевке қандай көзқараста екен?

А.САТЫБАЛДЫ.
(http://uakit.kz)

Пікір жазу