11-ші Мамырдан бастам Шымкентте кием-кешек сататын базарлар іске қосылды. Бүгінгі таңда сауда орындарына келім-кетім көп. Көпшілік шоғырланатын нысандарда санитарлық талаптар қаншалықты орындалуда? Бұл туралы «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі К.Дүйсенбінің материалына сілтеме жасаған DIDARBEK.kz хабарлайды.
40 күн карантинге жабылған сауда орындары жаңа жұмыс кестесімен іске кірісті. Енді таңғы 10 нан кешкі 18:00 ге дейін сауда жүретін болады. Қоғамдық орындарда вирус таралуына жол бермеу бүгінгі таңда бірінші мәселе. Сондықтан Шымкент қалалық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің қызметкерлері мониторинг жұмыстарына қызу кірісіп кетті.
Сауда орындарындағы сатушылардың санитарлық талаптарды қатаң сақтауын базар әкімшілігі өз мойнына алып отыр. Тұтынушыларды да бір есіктен кіргізіп дизинфекциялық шараларды жүргізуде. Дегенмен көпшілік арасында бетперде тақпай арқаны кеңге салып жүрген қала тұрғындарыда жетерлік.
Мегаполистегі базарлардың басым көпшілігі Абай ауданында орналасқан. 11-ші мамырдан бастап тағы 4 базар іске қосылды. Әзірге мал базары мен көлік базарына жұмыс істеуге рұқсат берілмей отыр. Көпшілік шоғырланатын орындарда каронавирус қауіпі жоғары. Бірақ санитарлық талаптар барынша қатаң сақталуда.
© DIDARBEK.kz