Күнсанап өршіп бара жатқан COVID -19 инфекциясын ауыздықтау мүмкін болмай тұр. Бұл ретте қала тұрғындарының санитарлық талаптарды сақтамауы да аты жаман аурудың дендеуіне себеп болуда. Өзгесін айтпағанда, қарапайым бетперде киюге қалалықтар құлық танытып отырған жоқ.
Шымкенттік тұрғындардың дені санитарлық талаптарды сақтай бермейтіндігі байқалады. Басқа-басқа медициналық бетперде киюге құлықсыз. Жұқпаның қаншалықты қауіпті екендігін біле тұра бетпердені бірі қалтасына жасырып, енді бірі аллергия шығып кетті деп тақпаудың түрлі амалдарын қарастыруда.
Ә.Жақсылықов — Шымкент қаласының тұрғыны: Маска бар ғой. Жан-жағыңа қарайсың, ешкім тақпағаннан кейін тақпайсың. Денсаулық жақсы бәрі, бәрі орнында. Біз негізі мән бермейміз ғой, шынын айту керек. Тек ауырғанда ғана білеміз.
COVID -19 вирусын жұқтырудың қауіптілігі әлі де сейілмегендіктен халық арасында барынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Әсіресе, қоғамдық көліктерде қорғану шаралары қатаң сақталуы тиіс. Алайда, автобус жүргізушілерімен жолаушылар арасындағы санитарлық талаптар сақталып жатқан жоқ. Олардан бір реттік қолданылатын қолғап пен антисептик құралын қолданып жатқан бірде-біреуін көзіміз шалмады.
Қала тұрғыны: Бір емес екі маскам тұр. Аллергия беріп кетіп жатыр. Қазір алып шыққан Мен комментарии бергім келмейді.
Қауіпті індетпен күресуді тұрғындар бір кісідей білгенімен, байыбына барып жатқандары шамалы. Қала көшелеріндегі көлікті айтпағанда, жаяу жүргіншілерден аяқ алып жүру мүмкін емес.
Аты жаман аурумен күресуде жағдай, дәл осылай жалғаса берсе, аяғы не болары белгісіз. Қарапайым ғана қорғану шараларын сақтаудың өзі, бір қауым елдің амандығын арашалап қалу екендігін қала тұрғындары ескерсе екен.
© DIDARBEK.kz