Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қазақстан жаңалықтары » БАЗАРЛАРДАҒЫ КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫ

БАЗАРЛАРДАҒЫ КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫ

Шымкентте карантин талаптары жеңілдегенімен карантиндік режим алынған жоқ. Мұндай жағдайда қоғамдық орындар мен кәсіпкерлік нысандарында санитарлық нормалар қатаң сақталуы тиіс. Алайда, мұны қала тұрғындарының көбі дұрыс түсінбепті. Бұл Абай ауданында жүргізілген маниторинг кезінде базар басшыларының айтқан сөзі. Коронавирустың етек жайып, кеңінен таралмауын қамтамасыз ету үшін енді олар тәртіпті қатаңдатып, жағдайды жіті назарда ұстап отыр, деп жазады «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі Н.Мұхамеджанның материалына сілтеме жасаған DIDARBEK.kz.

Бұл қала аумағындағы халықтың басым бөлігі сауда-саттық жасап, керектісін табатын Алаш базарының кіре-берісі. Мұнда қос қақпаға осындай дезинфекциялық туннель орнатылған. Сондай-ақ, медициналық бетперде тегін таратылады. Әрине, маскасы жоқ тұрғындарға ғана. Байқасақ, халықтың көбі жайбарақат жүр. Сұрау салғаннан кейін ғана бетпердені жасырған қалтасынан алып, тағып алуда. Бұл өз кезегінде жұқпаның қауіптілігін арттырып отыр – дейді базар басшылығы.

Абай ауданында дәл осындай 13 базар бар. Халықтың көбі осында тауар алуға жиі келетінін бағамдаған атқарушы билік тәртіпті қатаңдатты.  Екі жақты келіссөздердің коронавирусты ауыздықтауға жасалған қадамы айшықты көрініс тапты. Санитарлық-дезинфекциялық шаралар, сатушылардың талапқа бас игені, сондай-ақ, сатып алушыларға да жасалған жағдайды анық байқауға болады.

Нарықтағы тауардың тұрақтылығы мен қажетті азық-түліктің бағасы да назардан қалмақ емес. Бұл тақырыпта күн тәртібінен түспеген. Нәтижесінде алып-сатарлар мен пысықайлардың арасында тәртіп бұзушылық тіркелмеген.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу