Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Төтенше » АУА-РАЙЫ ӨЗГЕРІСТЕРІНЕ НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!

АУА-РАЙЫ ӨЗГЕРІСТЕРІНЕ НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!

Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды ауа райы өзгерістерін бақылауға шақырады. Дауылды ескерту туралы хабарламаларға назар аударып, қажетті сақтық шараларын сақтаңыз.
Дауылды ескертулерде, желдің екпін күші 15-20 және тіпті 30 м/с жеткенде, әр түрлі елді мекендерде қауіпсіздік техникасы бойынша негізгі ережелерді ұстануды ұсынамыз. Шағын қалалар мен мегаполистер жағдайында дауыл мен нөсерлі дауыл кезінде да зардап шегуге болады.
Терезелер! Қатты дауыл кезінде үйдегі немесе пәтердегі барлық терезелер мықты жабылуы тиіс.
Балкондар! Әйнектелмеген балкондар мен лоджиялардан қатты жел кезінде сыртқа ұшып түсетін барлық заттарды (құмыралар, банкалар, жәшіктер, шөлмектер және т.б.) алып тастау керек. Бұрыштық әйнектелген балкондардан дауыл кезіндегі рамалармен бірге ескі терезелер ұшып кеткен жағдайлар болды.
Көшеде! Көшеде дауыл тұрып, жарнама қалқандарынан (және басқа да аспалы құрылымдардан), автобус аялдамаларынан, электр беру желілерінен, сондай-ақ ағаштардан мүмкіндігінше алыс болу керек. Айналаға қараңыз: ұшатын, сынатын, басқа құлап түсетін жерлерден және заттардан алыс жүріңіз. Олар құлауы мүмкін болғандықтан, үзілген сымдар мен ары-бері қозғалып тұрған заттарға (ағаштарға) жақындауға болмайды.
Баспана! Қатты жел болған жағдайда жақын маңдағы ғимаратта немесе табиғи панада оның басылуына дейін жасырынуы қажет.
Үлкен ағаштар! Үлкен ағаштардың астында қалмауын, әсіресе терекке қатысты және олардың астына автокөлік қоюға болмайды, өйткені ағаш құлаған кезде қауіпті болып, оның бұтақтары құлауы немесе сынуы мүмкін. Сондай-ақ шіріген және ескі, сондай-ақ жалғыз тұрған ағаштар өте қауіпті.
Үйде қалыңыз, өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу