Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қазақстан жаңалықтары » ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ МӘСЕЛЕСІ

ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ МӘСЕЛЕСІ

Бүгін «ANTIKOR.LIVE» жобасы аясында тікелей эфирде  Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педагогикалық Университеті ректорының міндетін атқарушы Сүгірбаева Гүлжан Дәулетбекқызы онлайн сұхбат берді.

Гүлжан Дәулетбекқызы 16-наурыздан бастап ОҚМПУ қашықтықтан оқыту жүйесіне өткендігін хабарлады. Бұл жүйемен білім ордасы бұрында да қолданатындығын айта келе, қазіргі жүйеге біршама өзгерістер енгізілгенін мәлімдеді.

Қашықтықтан оқуға жалпы 4000-нан астам студенттер өткен. Лекция, семинар сабақтары онлайн жүйесі бойынша zoom бағдарламасымен іске асырылды. Білім ордасында «универ» жүйесі арқылы мұғалімдер тапсырма беріп, білім алушылармен кері байланыс орнатады.  Бұл жүйе бұрыннан жүргізілгенімен, қазір оның мүмкіндіктері толығымен пайдаланылуда.

Қазіргі таңда студенттер жаппай емтихан, сессия тапсыруда. Сессия барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте практоринг жүйесі қолданылады. Студенттердің адал жолмен тапсырғандығын қадағалау барысында осы жүйенің берер көмегі мол. Емтиханды қорытындылай аттестециялауды арнайы ережесі  дайындалғандығын және оны студенттерге хабарлап жатқандығы айтылды. Ол ереже білім ордасының сайтында жарияланғанын айта кетті.

© Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің
Шымкент қаласы бойынша департаменті

Пікір жазу