Бүгін «Адам көмек» жобасы аясында тікелей эфирде Шымкент қаласы воленторлар корпусының президенті, Жастар мәслихатының депутаты, «Ізгілік елшісі» Республикалық жобаның қалалық филиалының жетекшісі Ашимова Жасмин Асқарқызы онлайн сұхбат берді.
Төтенше жағдай басталмай жатып, қаңтар айынан бастап еріктілер ұйымы ат салысқан болатын. Әлемді жаулаған індетке қарсы көптеген жобалар жүргізілді. Еріктілер ең бірінші тұрғындарға маска таратты. Одан кейін Жастар ресурстық орталығымен бірігіп, вирустан сақтанудың алдын алу шаралары туралы ақпараттар берілді. Шымкент қаласы бойынша 1 миллион 29 138 маска тегін таратылды. Одан бөлек еріктілер жағынан карантин режимінде жұмысынан, табысынан айырылып, көмекке мұқтаж жандарғада 5000-нан аса отбасыға көмек қолын созды.
Төтенше жағдай режиміне бағынбай, көпшілік шоғырланған жерде қатаң түсіндіру шаралары жүргізілді. Көп ұзамай мамыр айында болған Мақтарал ауданындағы су тасқынында біздің еріктілер көп көмек көрсетті. Айта кетсек, 40-қа жуық еріктілер ұйымы құрылған. Оның ішінде белсенді жұмыс жасап жатқан «Ізгілікте жарысайық», «Мейірім» , «Жас Отан жастар қасиеті», «Жастар ресурстық орталығы» сияқты барлық ұйым бірігіп, игі бастамаларға қол жеткізіп отыр.
© Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің
Шымкент қаласы бойынша департаменті