Бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен жаңа 2017-2018 оқу жылына дайындық барысы туралы баспасөз конфенциясында облыс әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібек мәлім етті.
Оның айтуынша, білім күнінде облыста құрылыс жұмыстары аяқталған жаңа 20 мектеп ғимараты пайдалануға беріледі. Ал оның 6-уы жаңадан ашылып, өңірдегі орта мектептің саны 1021-ден 1027-ге жетіп отыр. Сондай-ақ, ол 7 жекеменшік мектеп жұмыс істейтіндігін атап өтті.
Баспасөз конференциясында мәлім болғандай жалпы облыста 79 білім беру нысандарының құрылысы жүргізіліп жатыр екен. Оның жыл басынан бері 7-уі тапсырылса, 22-сі жыл соңына дейін пайдалануға берілмек. Ал қалған 58-і келер жылға өтпелі. Осының нәтижесінде осы жылы 8 апатты және 12 үш ауысымды мектептердің мәселесі шешіледі.
«Оңтүстік Қазақстан облысында білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары жоспарлы түрде жүргізілуде. Өңірдегі 1034 мектепте жаңа оқу жылында 640 мыңға жуық оқушы білім алады деп күтілсе, оның 73 мыңы бірінші сыныпқа барады деп жоспарлануда», – деді Ұ.Сәдібеков.
Оқулықпен қамтамасыз ету жайын баяндаған аймақ басшысының орынбасары тамыздың 20-на дейін барлық мектептер қажетті кітаппен қамтылатынын айтты.
«Жаңартылған білім беру мазмұнына сай және 2, 5, 7 сыныптардың көшуіне байланысты, 3,5 млн-ға жуық кітапты сатып алуға жергілікті бюджеттен 4,5 млрд. теңге бөлінді. Бүгінгі таңда 2 млн-ға жуық кітап мектептерге жеткізілген. Яғни 56 пайыз, ал қалған кітаптар тамыздың 20-на дейін толық жеткізілетінін болады», – деді Ұ.Сәдібеков.
Сондай-ақ, облыстағы мектептерді жаңа оқу жылына дайындау мақсатында жергілікті бюджет есебінен 897 мектепте ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізілсе, бүгінгі күнге 847-сінде жөндеу жұмысы аяқталған.
Ал, 43 мектепте жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстары 25 тамызда аяқталады деп жоспарлануда.