Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » КӘСІБІ ӨРКЕНДЕГЕН ШАРУА

КӘСІБІ ӨРКЕНДЕГЕН ШАРУА

Түркістан облысы Түлкібас ауданында жергілікті кәсіпкер «Арман» шаруа қожалығының төрағасы Алимбаев Аңсаған мал шаруашылығын дамытуға көшті.
Қожалық иесі «Бастау – бизнес» жобасы арқылы кәсіпкерлік негіздері бойынша білімін жетілдіріп, «Кәсіпкерлік мектебі» мамандарының көмегімен бизнес жоспарын әзірлеп, «Түлкібас» несие серіктестігіне құжаттарын өткізген.

Нәтижесінде «Агробизнес» бағдарламасы аясында 30 бас сауынды сиыр, 13 бас сауынды бие сатып алып кәсібін жандандырып отыр. Салауатты өмір салтын ұстану үшін табиғи сүт өнімдерін халыққа ұсынуда.

«Ағы бардың бағы бар» деп қазақ халқы сүт тағамын бақыт, несібесі деп білген. Ата-бабаларымыз сүтті соншалық қасиеттеудің басты себебі – ол тіршілік арқауы, дертке шипа. Ұлттық сусыннан неше алуан құнарлы тағамдар әзірлеп, дастарқан молшылығын жасаған. Бүгінгі таңда 2 азаматты жұмыспен қамтып отырмыз. Сұраныс жеткілікті», – деді қожалық иесі.

Облыс әкімі Ө.Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес, бүгінде Түлкібас ауданында ауылшаруашылығы мен кәсіпкерлікті дамыту мақсатында мемлекеттік қолдауды пайдалана отырып кәсіпкерлікті дамыту шаралары жүйелі түрде іске асып келеді. Бұл шаралар өз кезегінде аудан тұрғындарының әл-ауқатын көтеріп қана қоймай төтенше жағдайдан зардап шеккен аудан экономикасын қалпына келуіне үлкен септігін тигізбек.

© Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Пікір жазу