Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ШІЛІКТІҢ ӘКІМІ САЙЛАНДЫ

ШІЛІКТІҢ ӘКІМІ САЙЛАНДЫ

Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында Шілік ауыл округі әкімін сайлау жөніндегі таңдаушылардың отырысы өтті. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР заңы аясында өткен таңдаушылар отырысына 13 сайлау округтерінен сайланған аудандық мәслихат депутаттары қатысты.


Жиын басталмас бұрын аудандық мәслихат хатшысы Мырзахан Манапов сөз алып, №12 Жамбыл сайлау округінен депутат болып сайланған, мәслихат сессиялары мен қоғамдық жұмыстарда белсенділік танытып келе жатқан халық қалаулысы Ақжігіт Төре Ақжігітұлын асқаралы 60 жасқа толған мерейтойымен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.
Мұнан соң аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Дархан Елбасы күн тәртібіндегі мәселе бойынша таңдаушылардың құқықтары мен міндеттері жайында түсіндіріп өтті.

Таңдаушылар сайлау бюллетеньдерін алып, арнайы дайындалған дауыс беру бұрыштарында өз таңдауларын жасады. Сайлау комиссиясының төрағасы жоғарыда атап өткендей Шілік ауыл округінің әкімі лауазымына кандидаттардың өмірбаяндары мен сайлауалды бағдарламалары бұған дейін басылым беттерінде жарияланып, таңдаушыларға таныстырылған болатын.
Сонымен сайлау нәтижесі бойынша таңдаушылардың жүз пайыз дауыс берулерімен бұрын да осы лауазымды атқарған тәжірибелі маман Рүстемов Айдархан Нұсқабайұлы жеңімпаз деп танылып, Шілік ауыл округінің әкімі қызметіне сайланды.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу