Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ҚОСТАҚЫР СУДАН ҚИНАЛМАЙДЫ

ҚОСТАҚЫР СУДАН ҚИНАЛМАЙДЫ

Енді қостақырлықтар ауыз судан қтналмайтын болады, деп жазады Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz.

Жетісай ауданы Қызылқұм ауылдық округі «Қостақыр» елді мекеніне ауыз су құбыры бүгінгі таңғы дейін жүргізілмеген болатын. Бұған дейін ауыл тұрғындары ауыз суды көршілес елді мекендерден тасымалдап ішіп келген. Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаев биылғы қорытынды есеп беру кездесуінде, аталған ауылдың тұрғындарына ауыз судың мәселесін толықтай шешіп беруге уәде берген еді.

Бұл елді — мекенге 2016-2017 жылдары жер асты су қорын іздеу барлау жұмыстары жүргізілген болатын. Барлау жұмыстары оң нәтиже беріп биыл аяқталды. «Қостақыр» елді мекеніне жергілікті бюджеттен жалпы суммасы 10 314,58 мың теңге қаржы қарастырылып, ұзындығы 1,2 шақырымды құрайтын ауыз су жүйесімен, 1 дана ауыз су мұнарасын орнатылды. Ауыз су жүйесін қыркүйек айына дейін толығымен аяқтап ел игілігіне тапсыру жоспарлануда. Тиісті жұмыстардың дер кезінде аяқталуын аудан әкімі өз бақылауына алған.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу