Бүгін 1-маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, Мақтаарал аудандық «Жастар ресурстық орталығы» мен Мақтаарал ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен мерекелік іс-шара өтті. Мерекелік шараға орталықта тәрбиеленіп жатқан бүлдіршіндер атсалысты. Олар әсем ән айтып, би биледі. Шара барысында 70-ке жуық балаға сый-сияпаттар, балмұздақ пен ойыншықтар тегін таратылды.
Іс-шарада сөз алған Мақтаарал ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары Д.Хаметов, Мақтаарал аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры Сүндет Кенжебаев бүлдіршіндерді мерекемен құттықтап, демеушілерге Мақтаарал ауданы әкімінің атынан «Алғыс хат» табыс етті.
© Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі