Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Болашақ » МЫНА ВИРУС ШАРШАТТЫ-АУ БӘРІМІЗДІ…

МЫНА ВИРУС ШАРШАТТЫ-АУ БӘРІМІЗДІ…

Тосқауылдардың бәрі ашылып, қатынау жеңілдеген жаздың алғашқы күні Қазақстан бойынша жаман індетке шалдыққандар саны 11 308 болды. Бұл көрсеткіш бойынша алғашқы екі орынды еліміздің екі мегаполисі – Алматы (2647 адам) мен Нұр-Сұлтан (2207 адам) алып отыр. Шымкент қаласы (867 адам) өңірлер арасында Атырау (1105 адам), Қарағанды (932 адам) облыстарынан кейінгі бесінші орында. Түркістан облысы (379 адам) болса – сегізінші орында.

Жазылып шыққандарды саралайтын болсақ: Қазақстан бойынша 5458 адам айыққан. Ең көп жазылғандар: Алматы (1552) мен Нұр-Сұлтан (1121) қалаларында. Шымкент қаласы (308) бұл көрсеткіш бойынша да, Атырау (314) мен Батыс Қазақстан (309) облыстарын алға жіберіп, бесінші орынға жайғасқан. Түркістан облысы (225) бұл жерде де сегізінші орыннан көтеріле алмай отыр.

Бүкіл республика бойынша қайтыс болғандар саны – 41 адам болса, алғашқы үш орынды үш мегаполис алып отыр: Алматы – 10 адам, Шымкент – 8 адам, Нұр-Сұлтан – 6 адам. Шымқаламыз, өкінішке қарай, дәл осы көрсеткіш бойынша екінші орында екен. Түркістан облысы болса, әдеттегідей – сегізінші орында. Бірақ, бұл жолы, ол орынды Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарымен бөлісіп отыр.

© Әсет Әссанди,
Шымкент қаласы бойынша
Арнайы мониторингтік топ жетекшісі.

Пікір жазу