Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » РӘМІЗДЕРІМ – МАҚТАНЫШЫМ!

РӘМІЗДЕРІМ – МАҚТАНЫШЫМ!

4 маусым — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздер күніне орай Арыс қалалық ішкі саясат бөлімі, «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастыруымен қала орталығында орналасқан Батырлар аллеясында мерекелік акция өтті, деп жазады қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Акция барысында авто шеру ұйымдастырылып, Мемлекеттік Туымызды көкке қалықтатты. Жанға қуат, бойға мақтаныш, асқақ рух сыйлады.

Шараның басты мақсаты — жастарды мемлекеттік рәміздерді қадірлеуге, тәуелсіз ұлттық белгілерді құрметтеу және кеңінен насихаттау арқылы жастарға патриоттық тәрбие беру, салауатты өмір салтын қалыптастыру болып табылады. Осыған орай Батырлар аллеясында табан тіреген шерушілер қала тұрғындарына арнайы жадынамалар мен жалаушалар таратты. Қаламызға қонаққа келген нигериялық азамат Стэнли Нкоби қала тұрғындарын рәміздер күнімен құттықтап, ыстық лебізін білдірді.

«Елтаңбамыз айқын, Туымыз биік, Әнұранымыз асқақ болсын!» — деп ұрандатқан арыстықтар айшықты мереке рәміздер күнін жыл бойы насихаттауда.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу