Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

Түркістан облысының аумағында енгізілген карантин режимі талаптарын сақтау, оның орындалуын ұйымдастыру үшін ауданда мобильді топ құрылған болатын.

Ордабасы ауданы әкімінің тапсырмасы бойынша мобильді топтың мүшелері ауыл округтерінде орналасқан сауда нүктелерін, қоғамдық тамақтану орындарын, тіс емханасын, әсемдік салондарын, тағы басқа нысандарды аралап, карантин режимін бұзбау мақсатында кезекті рейдтік ісшара жүргізді.

Олар ең алдымен Қажымұқан ауыл округінде тұрғындар жиі баратын нысандарға бет бұрып, карантин режимі талаптарын бұзбай, дезинфекциялау жұмыстарын қатаң сақтауды түсіндірді.

Аралау барысында бірқатар нысандар талапқа сай болмай шықты. Атап айтқанда, «Береке» асханасы, «ЖК тіс емханасы», «Әсемдік салоны», «Ақ арыс» жеміс-жидек дүкені. Ордабасы аудандық ТКҚСҚБ басқармасының санитарлық-гигиеналық қадағалау және техникалық регламенттер талаптарының сақталуын бақылау бөлімінің басшысы Таңқаев Жалғас жеке кәсіпкерлерге ескертпе қағазын толтырды. Алдағы уақытта толтырылған ескертпеден нәтиже шықпаса тиісті органдарға жолданады. Ісшара мұнымен тоқтап қалмайды.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу