Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ СОҒЫЛДЫ

СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ СОҒЫЛДЫ

Еліміз бойынша «Birgemiz: ТҮЛЕК 2020» атты Қазақстан Республикасының жалпы білім беру ұйымдарында мектеп бітіру іс-шарасы ұйымдастырылуда.

Түлкібас ауданы білім бөліміне қарасты 51 жалпы білім беру ұйымдарында   соңғы қоңырау шарасы барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып өткізілді.

Ісшара негізінен оқушыларды патриотизмге тәрбиелеу, білім құндылықтарын қалыптастыру, жастардың бойында жоғары әлеуметтік белсенділігін және бәсекеге қабілеттілігін дамытуға ықпал жасау, «Алтын белгі» және ерекше үлгідегі аттестат иелерін марапаттау арқылы білімді ұлт идеясын насихаттау болып табылады.

11 жыл білім нәрімен сусындаған алтын ұясынан қанат қатайтып ұшу — әрбір түлектің өміріндегі ересек дербес өмірге қадам жасардағы маңызды оқиға. Өткізіліп отырған ісшара әрбір түлектің өмір бойына естелік болатынына және жадында сақталатындығына кәміл сенеміз. Әр түлектің бойында өзінің мектебіне деген мақтаныш және өзінің ұстаздарына деген алғыс сезімі болады.

Айта кетер болсақ, биылғы жылы ауданымызда 1154 оқушы 11-сыныпты бітірді. Оның 1036-ы алдағы өтетін Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға өтініш берді. Бұл жалпы мектеп бітірушілердің 89 пайызын құрайды. Мектеп бітірушілердің 76 «Алтын белгі» белгісін, 84 оқушы ерекше үлгідегі аттестат алды.

Мектеп бітіру кешіні барысында түлектер ағаш отырғызды.
Жолдарыңыз ашық,сапарларың сәтті болсын!

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу