Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ЕСІМДЕРІ АЛТЫН ӘРІПТЕРМЕН ЖАЗЫЛАДЫ

ЕСІМДЕРІ АЛТЫН ӘРІПТЕРМЕН ЖАЗЫЛАДЫ

Бүгін XX ғасырдың басында талайды сарсанға салып, қасірет шектірген саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Атаулы күн Қазақстан Республикасының Перзиденті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 1997 жылдан бастап атап өтіліп келеді. Бұл күн Қазақстан үшін айрықша мағынаға ие. «Халық жауларын» анықтау бойынша қатаң саясаттың салдарынан қуғын-сүргінге ұшырағандардың өздері ғана емес, олардың жақындары да зардап шекті.

Қазақстанда 103 мыңнан астам адам қуғын-сүргінге ұшырады, 25 мыңнан астамы ату жазасына кесілді. Олардың арасында қазақ зиялылары: ғалымдар, мәдениет және саясат саласының қайраткерлері болды. Оларға «тап жаулары», «әлеуметтік қауіпті элементтер» деген жала жабылды.

Халықтың қамын жеген ұлт қайраткерлерінен сескенген тоталитарлық билік өкілдері тығырықтан шығар жол іздеді. 1925 жылы қыркүйекте Қазақстанға басшылық қызметке Ф. Голощекеннің келуі елде орын алып отырған жағдайды одан бетер ушықтырды. Ол Қазақстанды кеңестік өзгерістерден тыс қалған деп санап, онда «Кіші Қазан» төңкерісін жүргізу саясатын ұстанды. Оның жүргізген саясаты ұлт зиялыларын жаппай қуғындауға ұласты. Голощекин өзіне қарсы шыққандарды қызметтерінен алып, республикадан қуды, олардың көзін жоюды қолға алды. Олар әртүрлі мерзімге түрмеге қамалды, ату жазасына кесілді. Сотталғандар түрмелер мен еңбекпен түзету лагерлерінде «агитатор» деген атты иеленді.

Жалпы, тарихи деректерге қарағанда «Контреволюциялық» немесе антисоветтік деген жаламен 3 миллион 777 мың адам сотталса, олардың 642 мыңы ату жазасына кесілді. Міне, бүгінгі таңда жандарын шүберекке түйіп, бастарын оққа байлаған арыстарымыз армандаған Тәуелсіз мемлекетте өмір сүрудеміз.
Тарихта аттары алтын әріппен жазылған кешегі Алаш азаматтарының, оның ішінде «Үлкен террордың құрбандары» болғандардың есімдерін жас ұрпақ ұмытпауы тиіс!

Есенова Гүлбазар Махмұдқызы,
Төлеби ауданы Аналар кеңесінің төрайымы

Пікір жазу