Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » МЕРЕКЕЛІК АВТОШЕРУ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

МЕРЕКЕЛІК АВТОШЕРУ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Бүгін Түркістан облысы Жетісай ауданының орталығы Жетісай қаласында Мемлекеттік рәміздері күні аясында «Менің туым» атты акция ұйымдастырылды. Шара барысында жетісайлық жастар қаланың көрікті көшелерінде автошеру өткізіп, мерекенің маңызын айшықтай түсті.

Аталған акцияның мақсаты – өскелең ұрпақты отандық патриотизм мен жоғары азаматтық сабақтастыққа үндеп, қоғамның рухани бірлігін нығайту болатын. Осы үдеден шыға білген акцияға ауданның белсенді жастары атсалысты. Осылайша жетісайлықтар Мемлекеттік рәміздер – еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін әлемге танытатын әрі Қазақстанның өткені мен бүгінін және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі екендігін көрсете білді.

Айта кетейік, 1992 жылдың 4 маусым күні «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы туралы», «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы туралы», «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранының музыкалық редакциясы туралы» тарихи заңдарға қол қойылған болатын. Міне, содан бергі 28 жылда 4 маусым күні – ел тарихындағы ерекше мәртебелі күн болып есептеліп келеді. Мемлекеттік рәміздер ретінде Ту мен Елтаңба – егемендік және тәуелсіздік идеяларының айнымас белгілеріне, ал, Әнұранымыз тұғыры биік мемлекетіміздің жаршысына айналды.

Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Пікір жазу