Құрметті жетісайлықтар және аудан қонақтары! Сіздерді бүгінгі 4 — маусым Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев 1992 жылдың 4 маусым күні «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы туралы», «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы туралы», «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранының музыкалық редакциясы туралы» тарихи заңдарға қол қойды. Сөйтіп 6 маусым күні Алматы қаласындағы Абай атындағы опера және балет театрының ғимаратында тәуелсіз еліміздің тұңғыш мемлекеттік рәміздерінің тұсаукесер салтанаты өтіп, жария етілді.
Міне содан бері 4 маусым күні — ел тарихындағы ерекше мәртебелі күн болып есептеледі. Мемлекеттік рәміздер ретінде ту мен елтаңба — егемендік және тәуелсіздік идеяларының айнымас белгілері екені даусыз. Ал әнұранымыз тұғыры биік мемлекетіміздің рухани жаршысы.
Құрметті жерлестер! Біз баршамыз егемен еліміздің еңсесі биік болуына, оның шөкімдей әрбір жеріне дейін сақталуына, тыныштық пен бейбітшілік үстемдік құрып, халқымыздың аман болуына еселі еңбегімізді сіңіруіміз қежет. Ол үшін бізге ымыралы ынтымақ пен ауызбіршілік керек. Сонда ғана біздің Тәуелсіздігіміз тұғырлы, мемлекетіміз ғұмырлы болады. Әрдайым еліміз тыныш, халқымыз аман, көк туымыздың мәртебесі биік болсын!
Ізгі ниетпен,
Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаев