Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТУЫСЫНЫҢ ТЕЛЕФОНЫН ЖЫМҚЫРҒАН КҮДІКТІ

ТУЫСЫНЫҢ ТЕЛЕФОНЫН ЖЫМҚЫРҒАН КҮДІКТІ

Түркістан облысы полицейлері қонаққа келіп, туысының телефонын жымқырған күдіктіні ұстады, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz.
Төлеби АПБ-не Леңгір қаласының жергілікті тұрғыны әйел арызданады. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, үйіне туыстары мен көршілерін қонаққа шақырған. Қонақтар кеткен соң, өзінің «ОРРО» маркалы ұялы телефоны жоқ екенін байқайды.
Жәбірленушіге келтірілген шығынның жалпы көлемі 170 000-нан астам теңгені құрады. Осылайша ұрланған телефонын тауып беру үшін полицейлерден көмек сұрайды. Аталған жайтты тәртіп сақшылары ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеді. Төлеби АПБ-нің тәжірибелі полицейлерінен құрылған жедел-тергеу тобы тез арада іске кірісті. Барлық қажетті іс-шараларды жүзеге асырып, қонақта болған барлық азаматтардан жауап алынды.
Нәтижесінде, күдікті сол күні қонақта болған туысы болып шықты. Қазығұрт ауданының тұрғыны, ұялы телефонды ұрлағанын мойындады. Айғақты зат алынып, заңды иесіне қайтарылды. Күдіктінің бас шарасы «қолхат». Қазіргі таңда аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Түркістан облысы полицейлері азаматтарға өз бағалы заттарыңызға, ұялы телефон, әмияндарыңызға, одан бөлек алтын бұйымдарыңызға барынша сақ болыңыздар деп ескертеді. Үйлеріңізге жақын туыстарыңызға болмаса, көзтаныс азаматтарды кіргізбеңіздер.

©️ DIDARBEK.kz

Пікір жазу