Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » КӨПБАЛАЛЫ ӘКЕГЕ КӨМЕК

КӨПБАЛАЛЫ ӘКЕГЕ КӨМЕК

Арыстық полицейлер жалғызбасты көпбалалы әкеге көмек көрсетті, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz.
Түркістан облысы полицейлері әрқашан қайырымдылық іс-шараларына үлес қосып келеді. Көпбалалы аналар, тұрмысы төмен, аз қамтылған, мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасылар полицей назарынан тыс қалған емес.
Ал, Арыс АПБ-нің қызметкерлері «1 маусым Халықаралық балаларды қорғау» күні қарсаңында 5 баласы бар жалғыз басты әкенің үйіне барып, балаларды мерекемен құттықтап, хал-жағдайын біліп қайтты.
Бұл отбасына тәртіп сақшылары бірінші кезекте азық-түлік пен киім-кешек, оқуға қажетті құрал-жабдықтар тарту етті. Өз кезегінде отбасының тірегі, балалары полицейлерге өз алғысын білдірді. «Көмек қолын созып, қайырымдылық жасаған аудандық полицейлерге ризамыз. Жұмыстарына табыс тілейміз «-дейді көмек алған тұрғындар.
Бес бірдей баланы жалғыз өзі өсіріп отырған әкенің балаларының үлкені 14 жаста болса, кішісі 3 жаста.
Түркістан облысы полицейлері әрдайым осылай халыққа қорған, жәрдемші болуға жұмыс жасай бермек.

©️ DIDARBEK.kz

Пікір жазу