Тәртіп сақшылары мереке қарсаңында балаларға сыйлық жасады, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz.
1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күні! Жаздың алғашқы күні осындай керемет мерекемен бастау алатыны баршамызға белгілі. Бұл күні біздің балдырған балаларымыз ерекше ықыласқа бөленеді. Аталған мереке қарсаңында Түркістан ҚПБ Көші-қон қызметметкерлері балаларды қуантуға асықты.
Қаламыздағы көпбалалы, аз қамтылған отбасының балаларына мерекелік базарлық жасап, сый-сыяпат тарту етті. Ойыншықтар үлестіріп, азық-түлік таратты.
Өз кезегінде жүздеріне күлкі үйірілген балалар, мерекелік көңіл-күй сыйлаған полицейлерге алғыстарын жеткізді.
Ал, ата-аналары мереке қарсаңында елеп-ескеріп, көмек қолын созған тәртіп сақшыларына ризашылықтарын білдірді.
Түркістан облысы полицейлері үнемі кішкентай балалар мен аналарға жақсылық жасап, жәрдемші болуға ықпал етіп келеді. Қолдарынан келгенше, қиын да қауіпті жұмыстарынан бөлек уақыт тауып, жанұяларға арнайы барып, көмек қолдарын созуда. Бұл бағытта жұмыстар алдағы күндері де жасала бермек.
©️ DIDARBEK.kz