Бүгін таң намазынан бастап Сайрам ауданында мешіттер ашылады. Аудандағы 109 мешіттің 23-інде Жұма намазы оқылады. Осыған орай, мешіттерде дезинфекциялау жұмыстары жүргізілуде, деп жазады ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz.
Жұма намазға жамағат жиналмайды. Қарттарға, нәрестелерге мешітке баруға болмайды. 100 адамдық мешіт болса, карантиндік режимге сәйкес, онда 100-ден 30% ғана кіруіне рұқсат етіліп отыр. Әр адам мешітте 15 минуттан ұзақ болмайды.
Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібеков осы тақрыпта аудандағы мешіт имамдарымен кездесті.
Ауданның бас имамы Сейдахмет Темірбек мешітте дәретхана жабық болатынын, үйден дәрет алып келу қажеттігін ескертті. Сондай-ақ, медициналық маска мен қолғап кию шарт.
– Шариғат – тазалықты сүйеді. Тіпті тұмауратқан адам ауруды өзгелерге жұқтырудан сақтанғаны игі. Өйткені, мұсылман адам өзгелерге сөзімен де әрекетімен де зиян тигізбейді. Пайғамбарымыз Мұхаммед-Мұстафа с.а.у өз өсиеттерінде осылай деген, – деді бас имам.
© DIDARBEK.kz